ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Жаңбыр жауып, қатты жел соғады: 21 сәуірдің ауа райы болжамы

Еліміздің кей аумағында тұман түсіп, найзағай ойнайды, оңтүстік өңірлерде бұршақ жауады 

 

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК сәрсенбі, яғни 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Республиканың солтүстік бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың қалған аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады. Еліміздің кей аумағында тұман, найзағай, көктайғақ болуы мүмкін, жел күшейеді, шығыста жаяу бұрқасын болады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қатты дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», - деп болжам жасайды синоптиктер.

Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл  облыстарының кей жерлерінде тұман, қатты дауыл күтіледі, желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай болғанда жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман,  көктайғақ болады,  жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда, күндіз Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.