64 келі салмақтағы Сабыржан Аққалықов енді алтын медаль үшін таласады
64 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Кельцеде (Польша) өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда Аққалықов жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, үндістандық Анкит Нарвалмен кездесті. Жекпе-жек 4:1 есебімен Сабыржан Аққалықовтың пайдасына аяқталды. Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің финалына шықты және «алтын» медаль үшін таласады.
Аққалықов турнир барысында испан боксшысы Фабио Мазцилли Бласконы, беларусь өкілі Александр Довнарды және колумбиялық Дариан Фавьер Кастроны жеңді.