Бағдарламаны ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған болатын
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек блогер Тәңірберген Бердоңғаровқа берген сұхбатында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына қалай бақылау жүргізіп жатқаны туралы айтты.
Оның сөзінше, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырысымен бағдарламаның орындалу барысына бақылау жүргізу механизмі әзірленген.
«Біз әр бағдарламаны жүзеге асыру үшін 217 жол картасын әзірледік. Онда 80 мың индиктор жазылған. Ол индикаторлардың орындалуы жергілікті мәслихат депутаттары, Мәжілістегі фракция депутаттары, басшылық қызметтегі партияның әрбір мүшесіне жүктелген. Жоспардың бәрі жыл-жылға, сала-салаға бөлінген. Мәселен, республикалық бағдарламаны алып қарасақ, алғашқы жылы оның 24%-ы орындалуы тиіс, келер жылы 25 пайызы орындалады. Яғни, біз жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін 5 жыл бойы күтіп отырмаймыз, әр жыл сайын атқарған жұмысымызға есеп береміз», - деді Б.Байбек.
Оның айтуынша, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін республика бойынша 14 қоғамдық кеңес құрылған.
«Біз барлық облыс, қала, аудандарда депутаттар вертикальді басқаратын 14 қоғамдық кеңес құрдық. Кеңестің мақсаты – азаматтық белсенділер, сарапшылар, көшбасшылар мен саясаттанушылар ашық түрде біздің уәделеріміздің қалай орындалып жатқанын айтатын қоғамдық алаңдар құру. Сайлау қорытындысы бойынша, үш ай ішінде партияға 4 8000 адам жүгінген. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 8% көп. Министр, әкім және басқа да басшылармен 18 000 жеке қабылдау өткізілді. Адамдар шынайы проблемаларымен келеді. 30% – нақты мәселелердің шешімі болса, 65% азаматтар өмірлік қиын жағдайда заңды жолмен өз мәселелерін қалай шеше алатынын түсіндіру жұмыстары. Яғни, халқымыздың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейміз. Партияның қоғамдық қабылдауы – соттан кейінгі азаматтардың жүгінетін орны, бұл партиямыздың шынайы іс-әрекеті», - деді ол.
Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекет 21 трлн теңге қаражат бөледі.
«Ел Президенті, партиямыздың мүшесі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жариялап, бес жыл ішінде бағдарламаны жүзеге асыруға 21 трлн теңге бөлінетінін мәлімдеді. Бұл партия арнайы бақылауға алған жүйелік негізгі тапсырмалар. Мәселен, Америкада сайлау өтіп, Байден жеңіске жетті. Сайлауалды уәделерін орындау үшін ол да өте үлкен соманы айтты, қателеспесем, 3,3 трлн доллар. Инфрақұрылым үшін бұл мкең көлемді регламент бәрін бере ала ма, жоқ па деген сұрақ туындайды. Және осының бәріне 21 трлн теңге қайдан алынды десеңіз, бұл халық пен мемлекеттің орасан еңбегі», - деді Бауыржан Байбек.