Халықты вакцинациялау жұмыстары бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр
18 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 679 709 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Халықты вакцинациялау жұмыстары бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 131631 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы халықтың тек 12 502-іне ғана вакцинаның бірінші дозасы егілген.