ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 595 мыңнан асты

12 градусқа дейін аяз болады: Қазақстанда қайтадан күн суытады

Еліміздің солтүстік облыстарында аяз болып, оңтүстік өңірлерде үсік жүруі мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сондай-ақ 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарға Скандинавия түбегі аудандарынан суық антициклонның келуімен жаңбырдың қарға ұласуы, түнде ауа температурасының 5-12 градусқа дейін төмендеуі, сондай-ақ көктайғақ, төмен бұрқасын болады. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік жартысында күн күркірейді», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, 17 сәуірде күндіз, 18-19 сәуірде тәулік бойы Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. 18-19 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

17 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі.

17 сәуірде Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

17 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

17 сәуірде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

«Қар жамылғысының биік болуынан, жылымықтың әсерінен және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 17-19 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», - деп ескертеді синоптиктер.н

19 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасының түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0,-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

20 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 20 сәуірде түнде ауа температурасы 2-7 жылыға дейін күрт төмендейді. 21 сәуірде түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүруі мүмкін.