$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2021, 08:45
Жаңалықтар

Коронавирус пен КВИ пневмониясынан 25 адам көз жұмды

Қазақстанда бір тәулікте қауіпті індеттен 25 адам қайтыс болды

Коронавирус пен КВИ пневмониясынан 25 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәуліктің ішінде Қазақстандағы қауіпті індеттен қайтыс болған адамдардың санын жариялады. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды. Оның ішінде 20 адам коронавирустан, 5 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Өлім жағдайы Алматы (6), Нұр-Сұлтан (1), Шымкент (3) Ақтөбе облысы (2), Алматы облысы (5), Атырау облысы (1), Жамбыл облысы (1), БҚО (2), Қарағанды облысы (3), Қостанай облысында (1) тіркелді.

Ал 14 сәуірдегі жағдай бойынша 36 436 адам короновирус инфекциясынан (35 941 КВИ+ және 495 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

591 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр, 127 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары