13.04.2021, 09:27
Жаңалықтар
Коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан 586 адамның жағдайы ауыр
112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Елімізде коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан 586 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
13 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 35 178 адам короновирус инфекциясынан (34 703 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 586 адамның жағдайы ауыр;
- 175 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды