2021 жылғы ораза кестесі: Бүгін Рамазан айы басталады
ҚМДБ еліміздің әр аймағы үшін биылғы ауыз бекіту және намаз оқу уақытының кестесін жариялады
Бүгін түнде барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады.
2021 жылғы қасиетті ай сәуірдің 13-інен мамырдың 12-іне дейін 30 күнге жалғасады. Осыған орай Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы (ҚМДБ) еліміздің әр аймағы үшін 2021 жылғы Рамазан айындағы ауыз бекіту және намаз оқу уақытының кестесін жариялады.
Ауыз бекіту және намаз оқу кестесін ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі «Қазстандарт» ұлттық жүйесінің нақты уақыты негізінде әзірлеген.
Еске салсақ, биыл Ораза айт 13 мамырда болады. Қыдыр түні 8 мамырдан 3 мамырға қараған түні болады. Сондай-ақ пітір садақа мөлшері 420 теңге мөлшерінде бекітілді.
Барлық қалалар мен елдімекендердің намаз уақытын ЖҮКТЕУ.