ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

СҚО-да асыл тұқымды мал құтыру ауруына шалдықты

Ауру ошағы тіркелген фермаға 2 айлық карантиндік шектеулер енгізілді

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тимирязев ауданында құтыру ауруының ошағы тіркелді. Ангус сиырларын өсіретін шаруашылық аумағына түлкі кіріп кеткен. Жабайы аңның тісі тиген сиырдан алынған сараптама оның құтыру ауруына шалдыққанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ауру ошағы тіркелген «Атамекен Агро Тимирязево» серіктестігінде 60 күндік шектеу шаралары енгізілді. Шаруашылық жалпы саны 1600-ден астам асыл тұқымды ангус сиырларын өсіреді. Шектеу шараларына байланысты елді мекеннен мал және ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынған. 

«Атамекен Агро Тимирязево» шаруашылығында бір бас мал құтыру ауруына шалдыққаны туралы күдік пайда болғаны туралы ақпарат түсті. Сол күні сал өлім-жітімге ұшырады. Келесі күні паталогиялық материал алынып, зертханаға жеткізілді. Сараптама нәтижесінде құтыру ауруы расталды. Ауру мал өртеніп, орны зарарсызнадырылды. Қалған мал бақылауда»,  - деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.

Мамандардың айтуынша шаруашылықта басқа мал ауруы тіркелмеген. Ауру сиырмен бір табында болған ірі қара ветеринарлардың бақылауына алынды. 

«Биылғы қыс өте қатты болды. Азық іздеген жабайы аңдар елді мекендерге кіріп кеткен жағдайлар жиіледі. Құтыру ауруы басқа малдарға сілекей, азық арқылы жұғады. Оның таралуының алын-алу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құтырған сиырлардың сілекейі ағады. Малдың жүйке жүйесі зықамданады. Сондықтан жарықтан, судан, адамдардан қорқып, қараңғы жерге тығылаы беруі мүмкін. Тәбеті болмайды. Құтырманың бірнеше түрі бар. Бұл ауру емделмейді. Сондықтан мал шығынымен аяқталады», - дейді Берік Әлжанов.

Солтүстік Қазақстан бойынша 53 мың ірі-қараға құтыру ауруына қарсы вакцина егу жоспарлануда. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО