КВИ таралуы бойынша сегіз өңір «қызыл» аймақта тұр – ДСМ
Сондай-ақ Шымкент қаласы мен төрт облыс «сары» аймаққа енді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша еліміздің сегіз өңірі «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр;
Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2734 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 266 677 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 13 адам көз жұмды.