Қалың тұман түседі: Қазақстанның 7 облысында ескерту жарияланды

Республиканың кей жерлерінде жауын-шашын түсіп, солтүстік аймақта көктайғақ болады

Қалың тұман түседі: Қазақстанның 7 облысында ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер еліміздің жеті өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қалың тұман түседі.

Қарағанды, Жамбыл және Қостанай облыстарында қалың тұман түсіп, қатты жел соғады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және екпіні секундына 20 метр болатын жел соғуы мүмкін.

«ҚР басым бөлігінен атмосфералық фронтальды өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз  ауа райы болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте көктайғақ болады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.