Қазақстандық гимнастшы халықаралық турнир жеңімпазы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Эльжана Таниева екі алтын жүлде, Сабина Бакатова екі қола жүлде жеңіп алды

Эльжана Таниева, фото: gimnastika.pro

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Sofia Cup халықаралық додасы өтіп жатыр. Осы турнирде таспа жаттығуы бойынша Эльжана Таниева финалда 20,55 ұпайымен алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ шығыршық бойынша да топ жарып, финалда 22,3 ұпайымен екінші алтынына қол жеткізді.

Доппен жаттығуда Сабина Бакатова 22,35 ұпайымен қола жүлдені қоржынға салды. Ұршықпен жаттығуда финалда 22,75 ұпай еншілеп, екінші қоласына ие болды.