ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Алексей Цой әзірге вакцина салдырмайды

Ол отандық вакцинаның қолданысқа енгенін күтетінін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Алексей Цой әзірге екпе салдырмайды. Ол отандық вакцинаны күтеді. Елордадағы емхана жұмысын тексеруге келген министр осылай деді. Бұл туралы Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның айтуынша, «QazVac» қазір соңғы сатысынан өтіп жатыр. Осы айдың соңына қарай қолданысқа еніп қалуы мүмкін.

Осы ретте ведомство басшысы «Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта өндіріліп жатқан ресейлік «Спутник V» вакцинасын отандық өнім» деп, айды аспанға бірақ шығарды. Сөзіне сенсек, басқа ел ойлап тапқан өнімді өзімізде өндіру де өте күрделі технология. Сондықтан әлгі вакцинаны Қазақстанда шығарылған деп толық сеніммен айтсақ болады деді.

«Спутник Ви» де қазақстандық вакцина. Ол біздің елде өндірілген. Субстанциясы Ресейге тиесілі шығар. Бірақ вакцина Қазақстанда өндірілді. Сондықтан оны отандық өнім деп айтуға болады. Сыртқы қаптамасында да Қазақстанда шығарылған деп жазылады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.