Әлия Назарбаева жаңа қызметке сайланды

Автор: Azattyq Rýhy

Кеңес құрамына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері енді

Әлия Назарбаева, фото: forbes.kz

Әлия Назарбаева «Жасыл ел» еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды. Бұл туралы 5 сәуірде өткен «Жасыл ел» еңбек жасақтары кеңесінің I отырысында жарияланды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Кеңес құрамына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері де енген. Олар:

Айгүл Соловьева – кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары;

Тоқтар Болысов – кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры;

Азамат Данияр – кеңес хатшысы, «Жасыл ел» ЖЕЖ республикалық штабтың жетекшісі;

Нұртөре Жүсіп – Сенат депутаты;

Елдос Абақанов – Мәжіліс депутаты;

Айжан Ысқақова – Мәжілісі депутаты;

Тілектес Адамбеков – Мәжіліс депутаты;

Мәди Ахметов – Мәжіліс депутаты;

Майя Бекбаева – журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары;

Эмин Әскеров – қоғам қайраткері, кәсіпкер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;

Тимур Елеусізов – «Табиғат» экологиялық одақ төрағасының орынбасары;

Болат Бұқарбай – YouTube желісіндегі «Jaqsy Bolady» жобасының авторы.