Жамбыл облысының әкімі айлық жалақысы қанша екенін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Облыс әкімдерінің айлығы шамалас екен

Бүгін Нұр-Сұлтанда журналистерге брифинг өткізген Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қолыма тиетін жалақы 800 мың теңгеге жуық айтты. 

«Міндетті төлемдердің бәрін есептемегенде, қолыма 788 мың теңге жалақы аламын», - дейді АСқар Мырзахметов.

Бұған дейін елордада брифинг өткізген Алматы қаласының әкімі, бұрынғы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «қолыма тиетін жалақы – 760 теңге», - деген болатын.

Мырзахметов пен Сағынтаевтың әріптесі, Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов ай сайын 762 мың теңге жалақыға күнелтсе, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов 766 мың теңге айлық алады.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан