Ақтөбе халық саны көп елдегі төртінші қала
Ақтөбеде халық саны жарты миллионға жетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жарты миллионшы тұрғын Жалғасбай әулетін ғана емес, күллі ақтөбеліктерді қуанышқа бөледі. Өмірге келген ұл бала. Салмағы -360 келі, бойы – 53 см. Ата-анасы сәбиге Әлинұр деп ат қойған. Жас ананы ақтөбелік шенеуніктер перзентханаға барып құттықтады.
Айта кетейік, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы Ақтөбе қаласын заманауи урбанистік орталыққа айналдыру жөнінде тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы халық саны бойынша Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларынан кейінгі елдегі төртінші қала болып табылады.