$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2019, 13:12
Жаңалықтар

Қарағандыда жемқорлықпен күресуге «робот» кірісті

Облыста «Antikor ortalyǵy»  ашылды

Қарағандыда жемқорлықпен күресуге «робот» кірісті

Кезекті, төртінші жемқорлыққа қарсы орталық Қарағанды облысында ашылды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі.

Сервистік орталықтың кіре берісінде қонақтарды соңғы үлгідегі сөйлейтін «Робот» қарсы алып, өзі еркін жүріп «Antikor ortalyǵy» қызметімен таныстырды. Құлтемірдің ұраны кеудесіне жазылған: «Әділдік, парасаттылық, сенім». 

«Сервистік орталық «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бастамасын іске асыру аясында азаматтарға қолайлы жағдайлар жасап, олармен жедел әрі тиімді қарым-қатынас жасауға арналған диалог алаңның рөлін атқарады»,- делінген баспасөз хабарламасында.

«Antikor ortalygy»-да  кеңес берушілер бөлмелері, пресс-орталық, жұмыс бөлмелер және «Сарыарқа –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мамандарының бөлмелері орналасқан.

 

 

Серіктес жаңалықтары