$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2019, 16:50
Жаңалықтар

СҚО тұрғыны өзіне 650 мың теңге айыппұл салған монополисті сотта жеңді

Тәуелсіз сарапшы жалдаған Валерий Меркушин енді, тек 42 мың теңге айыппұл төлейтін болды

СҚО тұрғыны өзіне 650 мың теңге айыппұл салған монополисті сотта жеңді
Фото: inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданы Пеньков ауылының тұрғыны бір жыл бұрын электр қуатын таратушы компанияның рұқсатынсыз үйіне жарық тартып алған. Валерий Меркушинге бұл заңсыз әрекеті үшін 650 мың теңге айыппұл салынған. Сотқа жүгінген ауыл тұрғыны монополист компанияны жеңіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Валерий Меркушин өз әрекетін түсіндіре алмады. Ол заңды бұзғанын мойындайды, бірақ салынған айыппұл көлемімен келіспейді. Мамандар кәсіпорынға келтірілген шығын көлемін есептей келе, 650 мың теңгеге бағалапты. Ауыл тұрғыны электр энергиясын заңсыз қосқаны үшін энергетиктер акт толтырып, құжатты оған көрсетпегендігін айтады. Дәл осы факті оның сота жеңіп шығуына көмектескен.

«Мен бұл мәсәлеге байланысты тәуелсіз сарапшы жалдадым. Оның есебінше, мен кәсіпорынға бар болғаны 42 мың теңгеге шығын келтіріппін. Одан соң сотқа жүгіндім. Өйткені олар есептеген айыппұл мөлшері тым көп. Ауылда тұратын бізде ондай ақша қайдан болсын», - дейді ол.  

Қалалық сот толтырылған актіні заңсыз деп таныған. Оған келіспеген «СЕВКАЗЭНЕРГО» серіктестігі облыстық сотқа шығамданған. Облыстық сот әріптестерінің шешімін жоққа шығарды. Валерий Меркушин тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының көмегіне жүгінген.

«Барлығы заң бойынша болу керек. Заңға қарсы шыға алмайсын. Энергетиктер ішкі ереже осындай екенін айтты. Бұл – мүлде дұрыс емес. Ішкі заң бөлек, елдегі заң басқа.  Қалалық соттың шешімі дұрыс болған еді. Облыстық сот оны не себепті жоққа шығарғанын түсінбедім», - дейді СҚО Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының төрағасы Надежда Дубовая.

Валерий Меркушинге 650 мың теңгені төлеуге тура келген. Ол өз құқығын қорғап, ақшасын қайтару мақсатында жоғарғы сотқа шағымданбақ.  

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #айыппұл