Баянауылда 240 млн теңгеге салынған нысан екі жылдан бері бос тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Бір-ақ күнде жабылып қалған әуежайды ипподромға айналдыру жоспары бар

Фото: ашық дереккөзден

Баянауылда ашылып, бір-ақ күнде жабылып қалған әуежайды, ипподромға айналдыру жоспары бар. 240 млн теңгеден астам бюджет қаржысына салынған нысан екі жылдан бері бос тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Жарамсыз әуежай салған ауданның экс-әкімі Оразгелді Қайыргелдинов 3 жарым жылға сотталып кетті. Ал құрылысына 300 млн теңге қаражат құйылған "Мырзашоқы" тау шаңғы кешені де өлместің күнін кешіп отыр. Себебі, тауға қар тоқтамайды.

Құрылысына 240 млн нан астам қаражат жұмсалынған әуежай, бір-ақ күнде жарамсыз болып қалды. Себебі шағын әуежайдың ұшып қондыру жолағы халықаралық стандартқа сәйкес болмай шықты. Бірден әуежайдың есігіне қара құлып салынған еді. Содан бері бос тұрған ғимаратты енді жергілікті билік ипподромға айналдыруды жоспарлап отыр.   

Дәл осылай өзін-өзі ақтамаған өңірдегі жобаның бірі - «Мырзашоқы» тау шаңғы кешені. Мұндағы жағдай да көңіл көншітпейді. Шаңғы маусымы биыл да ашылмаған.  

Тегтер: