Бұл үшінші толқын деп ойлаймын - Сағынтаев
Әкім бұл туралы Аkimat Live бағдарламасында айтты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Аkimat Live бағдарламасында коронавирустың үшінші толқыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бұл үшінші толқын деп ойлаймын. Былтыр тәулігіне 250-270 адамнан ауру анықталған еді. Бүгінде 510, кеше 450 болған. Бұл біздің қаламызда анықталған жаңа штамдарға байланысты. Қала ашық, ел ашық. Халық іссапарға барады, шаруасымен жүреді, бізге де келіп жатыр. Қалалықтар жағдайды түсіну керек. Барлық санитарлық норманы сақтау қажет. Соңғы кезде адамдар маска тақпайтын болды. Бұл вирус жақын арада кетпейді, оны бәріміз білеміз және түсінеміз. Вирус бізбен қалады. Толықтай вакцина алып, ұжымдық иммунит қалыптастыру керек», - деді Сағынтаев.