Бірнеше мейрамханада 50-ден астам адам болған
Атырауда бір күнде бірнеше мейрамхана карантин талабын бұзған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мәселен, түнгі сағат 22:00-ден кейін «Chechil Pub», «Vokzal», «Пинта» мейрамханаларында 50-ден астам адам болған. Еркінқала ауылындағы «Шәріп», Жұмыскер елді мекеніндегі «Атырау Холл» мейрамханаларында, сондай-ақ, Алмалы ауылындағы үйлердің бірінде той өтіп жатқаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.