Қыста елімізде 1,7 мың адам құтқарылды – ТЖМ
1,3 мың техника қар құрсауынан шығарылды
Қысқы кезеңде елімізде 1 722 адам, оның ішінде 230 бала құтқарылды, 1 300-ден астам техника қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Қыстың басынан бастап (2020 жылғы 1 қарашадан) елімізде 1 135 ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Автожолдар учаскелері 1 481 рет жабылды (оның ішінде республикалық – 597, облыстық – 884), жүк және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалыс 233 рет шектелді (республикалық маңызы бар - 98 рет, облыстық – 135). Аталған кезеңде еліміздің құтқарушылары 1 722 адамды, оның ішінде 230 баланы құтқарды. 1129 адам, соның арасында 116 бала эвакуацияланды. 108 жылыту пункті жұмылдырылды. Қар құрсауынан 1 300-ден астам техника шығарылды», - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінде.