27.03.2021, 13:53
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Шепельдің туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Ол Шепельдің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады
Фото: ашық дереккөзден
Елбасы белгілі мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады elbasy.kz сайты.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Владимир Николаевич Шепельдің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Елбасы В.Шепель өзінің ұзақ жылдарға созылған еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.
«Ол әрдайым өзінің жоғары кәсібилігімен, табанды өмірлік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Владимир Николаевич Шепельдің жарқын бейнесі жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады», - делінген жеделхатта.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты