Нұр-Сұлтанда жексенбі күні автобустар жүрмейді

Автор: Azattyq Rýhy

28 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатады

 
Фото: astana.gov.kz

28 наурыз күні елордада барлық қалада және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жұмыс істемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy City Transportation Systems компаниясының бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жексенбі күні, 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар елордада жүрмейтінін еске саламыз. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - делінген компания хабарламасында.

Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты режимде жүреді.

«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мессенджерлерде қаладағы қоғамдық көліктердің 30 наурыз бен 5 сәуір аралағында да жүрмейтіні туралы хабарламалар тарап жатыр.   

City Transportation Systems компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

«Аталған ақпарат 2020 жылдың наурызында жарияланған, сондықтан 2021 жылдың наурыз және сәуір айларына еш қатысы жоқ.

Қоғамдық көліктердің жұмысы тек 28 наурызда ғана тоқтатылады», - деп атап өтті компания өкілдері.