Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін Қорғалжын, Зеренді аудандарында әкім болған

фото: instagram.com/7162akimdigi/

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Көкшетау қаласының әкімі болып Ғайса Бауыржан Сейітқалиұлы тағайындалды.

Ғайса Бауыржан Сейтқалиұлы, 1972 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданында дүниеге келген, бiлiмi жоғары.

1996 жылы Челябi мемлекеттiк агроинженер университетiн (инженер-механик), 2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн (есеп және аудит бакалавры), 2014 жылы Кутно қаласындағы (Польша) мемлекеттiк экономика жоғарғы мектебiн (Еуропа Одағындағы мемлекеттiң қауiпсiздiгi) бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшы қызметiнен бастаған. 1992 жылдың сәуiр айынан 1994 жылдың желтоқсан айына дейiн Қостанай облысы Затобол кентiнiң «Күмiс» шағын кәсiпорнының тауартанушысы болып жұмыс iстедi. 1994 жылдан 2011 жылға дейiн бiрқатар жеке кәсiпорындардың басшысы болды.

2013 жылдың сәуiр айында «Нұр Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары, 2014 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың наурыз айына дейiн «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдың наурыз айынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейiн Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуiрiне дейiн — Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкiмi.

2019 жылдың сәуірінен бастап қазан айына дейін Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

Осы уақытқа дейін Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарды.