25.03.2021, 11:09
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда алдағы күндері жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін
Синоптиктер 26-27 наурыздағы ауа райына болжам жасады
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін елордада ауа райы жауын-шашынсыз, алайда көктайғақ болады. Алдағы күндері қалада ауа райы қандай болуы мүмкін екенін «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ертең, 26 наурызда синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығыстан соққан желге ұласып, 5-10 м/с жылдамдықпен соғады деп болжанып отыр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 0-2 градус болады.
Елордада 27 наурыз күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -6-8 градус, күндіз 1-3 градус жылы болады.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды