25.03.2021, 00:43
Жаңалықтар
Криштиану Роналду «Реалға» оралуы мүмкін
«Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан футболшының келуі мүмкін екенін жоққа шығармады
Фото: AFP
«Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналдудың Испанияға оралуы мүмкін. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады, деп жазады Рrosports.kz.
Жақында Роналдудың «Реалға» қайта оралуы мүмкін екені туралы ақпарат көбейген еді. Тіпті, «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан футболшының келуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Marca басылымы мәліметінше, Роналду әлі де болсын «Реалға» көмегін тигізе алатынына сенімді. Сол үшін ол жазда мадридтік командаға оралуға дайын екенін мәлімдеген.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
