Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің 10 өңірінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптикер еліміздің 10 аумағында ауа райы күрт нашарлайтынын ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Атырау облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман түседі.

Ақтөбе облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады

23 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерде көктайғақ болады. 23 наурызда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

23 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

23 наурызда Павлодар облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады.

23 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

23 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

23-25 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күндіз 23 наурызда найзағай, түнде 24 наурызда көктайғақ болады. 23-25 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, таңертең және күндіз 23, 25 наурызда наурызда екпіні 23-28 м/с болады.