«Позициямызды қорғауға дайынбыз»: Ұлттық экономика министрлігі өздерін сотқа берген алматылық заңгерге жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Министрлік сотқа жүгінуге әр адамның құқы барын айтады

 Заңгер Жангелді Сүлейманов Ұлттық экономика  министрлігінің үстінен сотқа шағымданған болатын. Бұған себеп -  құзырлы органның  1 қаңтардан бастап бензин акцизі 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін деген мәлімдемесі. Ал алматылық тұрғынның арызына қатысты бүгін министрлік өз ұстанымын білдірді.

«Кез-келген азамат өзінің құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Бұл қоғамның ашықтығының дәлелі. Әрине, біз құқықтық саладағы барлық мәселелер бойынша өз позициямызды қорғауға дайынбыз», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Ілиясов.

Ал Жангелді Сүлейманов акциздің көтерілуі барлық тауардың бағасына қатты әсер етінін айтады.

«Ұлттық экономика министрлігінің акцизге баға көтеруі заңсыз деп есептеймін. Екі айғақ келтірдім. Оның біріншісі- министрлік дайын өнім шетелге заңсыз жолмен тасымалдап жатыр дегенге дәлел келтірмеді. Екіншісі бағаны көтеруге қандай нақты есептеулер келтірген. Соны көрсетуі керек еді.  Министрлік егер баға көтерілсе, тиімділік болады деп есептейді.  Қателеседі. Біздің тәуелсіз елдің тарихында бензинге баға көтерілді деген сөз, барлық тұтыну тауарлар мен азық-түлікке баға шарықтайды дегенді білдіреді. Себебі  біздің елде барлығы жанармайға тәуелді. Тауар тасымалы, адам тасымалы, басқа да қызметтер онымен байланысты. Негізгі тұтынатын тауарлар, нан, коммуналдық қызметтер де бір орнында тұрмайтыны заңдылық»- дейді Жангелді Сүлейманов.

Ал премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смайылов бензин бағасының қымбаттауына түрткі болған екі себепті атады.