Алматы облысында кәсіпкер жүз отбасына азық-түлік таратты
Наурыз мейрамы қарсаңында көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді
Алматы облысында ұлттық мереке қайырымдылық шарасымен басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Наурыз мейрамы қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Аймақтағы 100 жанұяға азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар беріліп, қайырымдылық шарасы жасалды. Өз кезегінде осындай жомарт жүрек азаматтардың қайырлы ісіне баршасы шексіз алғыстарын айтты.
«Мейірімділік – жүректен дейді. Кез келген жанға демеушілік танытып, оның қуанышты жүзін көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтініде рас. Бұл замандастарға үлгі, жас ұрпаққа өнеге. Сондықтан, игілікті ісі мен азаматтық қасиеті өзгеге өнеге болары сөзсіз»,- деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.