Aқтауда көпбалалы аналарға материалдық көмек берілді

Алтын және күміс алқа иелеріне тұрмысқа қажет бұйымдар салынған себет үлестірілді

Aқтауда көпбалалы аналарға материалдық көмек берілді

Ассамблея мүшелері меценаттармен бірлесе отырып, алтын және күміс алқа иелеріне тұрмысқа қажет бұйымдар салынған себет үлестірді. Карантиндік шектеулерге байланысты мәдени іс-шара өткізуге тыйым салынған. Сондықтан өзге ұлыс өкілдері шағын топ болып, жеңіл тағамдардан дәм татты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің ойымша, Ұлыстың ұлы күнін игі істер жасап қарсы алуымыз керек. Әлемдік пандемия түрлі ұлт өкілдерін бауырластыра түсті. Мұндай сынақ кезеңді бірлесе отырып ғана жеңіп шығамыз. Барша отандастарымды көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық акцияларға қатысуға шақырамын», - деді өңірлік Ассамблея мүшесі Оксана Белоножкина.

Ынтымағы жарасқан өзге ұлт өкілдері биыл да дәстүрінен жаңылмай, меценаттармен бірлесе жағдайы жоқ жанұяларға бірінші кезекте тұтынатын тауарларды жеткізіп жатыр. Қарттар үйі мен ата-ана жылуынан айырылған балалар ауылы да қайырымды жандардың назарында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.