Шектеулер еліміздегі Наурыз мейрамының тойлануына байланысты енгізіліп отыр
Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 21-23 наурызында жұмыс істемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шектеулер Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамының тойлануына байланысты енгізіліп отыр.
«Атап айтқанда, сол күндері азаматтар, көлік құралдары және жүк Мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді», - делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік тасымалдаушылардан және шекарадан өтуді ойлаған барлық азаматтардан шектеу шараларын ескере отырып, өз бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.