ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Таразда 8 нысан карантин шектеуін бірнеше рет бұзған

Іс сотқа берілді

Фото: ашық дереккөзден

Таразда карантин шектеуіне сақтамағаны үшін бірнеше рет хаттама толтырылып, айыппұл салынған 8 кәсіпкер нысанына қатысты іс сотқа берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың басынан бастап Жамбыл облысы Тараз қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бірнеше рет бұзғандығы үшін 8 іс («Коала» қорқор кафесі, «Марко Поло» дәмханасы, «Тропикано» дәмханасы, «Гауһартас» мейрамханасы, «Диско 80-90-х» дәмханасы, «Самурай» ойын клубы, «Севинч» мейрамханасы, «Парлак» мейрамханасы) ауданаралық экономикалық сотқа берілді. Сотқа берілген объектілерге бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 13 290 835 теңгеге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Ауданаралық экономикалық сот «Коала» қорқор кафесіне қатысты карантин режимі аяқталғанға дейін жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Қалған істерді сот қарап жатыр. Кәсіпкерлердің және тұрғындардың карантин шектеуіне немқұрайлы қарауы салдарынан Жамбыл облысында COVID19 жұқтыру тоқталмай отыр. Жыл басынан бері Жамбыл облысында барлығы 1 185 КВИ тіркелген.