Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда жел соғып, көктайғақ болады

Елімізде 8 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
19 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
19 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.