$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2021, 05:35
Жаңалықтар

17 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

17 наурыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 17 наурызда ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында жел қарқыны кей жерлерде 23-28 м/с дейін. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады, жел екпіні - 15-20 м/с.

Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады. Жаяу бұрқасын көтеріледі.

Атырау, күндіз Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары