Жол ауа райының нашарлауына байланысты жабылды
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Тимирязево-Сарыкөл» Р-61 жолының учаскесі 0-32 шақырымы (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы) жабылды. Мұнда апатты жағдай туғызатын ауа райы жағдайлары, атап айтсақ, жаяу бұрқасын байқалады, жол көрінісі 50 метрге дейін шектелген. 17-18 наурыз аралығында аймақта қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.