Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік жолда тайып кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, ерлі-зайыпты адамдар көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» тасжолында болды. «Митсубиси-Лансер» автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Кеңқияқ кентіне бағыт алып, көлік жолда тайып кетті. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан «Тойота Ланд-Крузер» көлігімен соқтығысты.