ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда кәмелет жасқа толмаған 5 мыңнан астам бала полиция есебінде тұр

Жыл сайын түрлі ереже бұзған 100 мың жасөспірім тіркеледі

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда полиция есебінде тұрған кәмелеттік жасқа толмағандардың саны 5 мыңнан асады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк, бүгін брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Жыл сайын түрлі ереже бұзған 100 мың жасөспірім, полиция бөлімшелеріне жеткізіледі екен. Басым көпшілі түңгі уақытта ойын-сауық орталықтарынан ұсталады. Тиісінше 65 мың ата-ана, бақылауды қамтамасыз ете алмағаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

«800-ден астам дәмхана мен мейрамхана иелері, кәмелетке толмағандарды өз ғимаратына кіргізгені үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 мың жасөспірімді ата-анасына беру мүмкіндігі болмағандықтан, олар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.

Министрлік, балаларға қарсы жасалған зорлық фактісі жыл санап азайып келеді деді. Бірақ түбегейлі жойылмаған. Алексей Милюктің дерегінше зорлау фактісі көбіне үй жағдайында тіркелетінін айтады.