ШұғылЖыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 310 адам зардап шеккен

Қазақстан облыстарында педагогтердің құқығын қорғайтын кеңестер ашылады

Министр аталған жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталатынын жеткізді

Фото: ашық дереккөзден

Елдегі барлық облыста педагогтердің құқығын қорғайтын кеңестер ашылады. Енді кеңес мүшелері «Педагог мәртебесі туралы» заңның дұрыс орындалуын қадағаламақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

Ол аталған жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталатынын жеткізді. Бұдан бөлек, мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың конкурс арқылы өтетініне тоқталды. Минитстр Электронды формат арқылы нақты біліктілік көрсеткішін анықтауға мүмкіндік туды деп отыр.

«Осыған қоса 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі тұрғысында сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса, квалификация алу міндеті енгізіледі», - деді министр.

Оқулықтарды іріктеу рәсіміне қойылатын талаптар да қатаңдатылмақ. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша математика, тілдер және информатика сияқты негізгі пәндерге ерекше назар аударылады. «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» оқулықтары біріктірілмек. Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастан 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр.