Наурыздағы демалыстарда «Нұр-Сұлтан-1 - Шымкент» пойызына вагондар қосылады

Автор: Azattyq Rýhy
Фото: ашық дереккөзден

Наурыз мерекесі қарсаңында «Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» бағытындағы №202/201 жолаушылар пойызына қосымша рейстер қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке күндері жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты «Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» бағытындағы №202/201 жолаушылар пойызына қосымша рейстері тағайындалатынын хабарлайды: - Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 2021 жылы 19, 22, 26 наурызда жөнелтіледі, Шымкент стансасынан 2021 жылы 20, 23, 27 наурызда жөнелтіледі. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн рәсімдеуді сұрайды. Сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін «Күту парағы» функционалын пайдалана отырып сатып алуға болатындығын естеріңізге салады. Сонымен қатар, карантин режиміне байланысты жолаушылардан вокзалдар аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтап жүрулерін сұраймыз»,-делінген хабарламада.