15.03.2021, 21:55
Жаңалықтар
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған тұрғын құтқарылды
Ол өзі адасып кеткен
Жамбыл облысында қар құрсауында адасып кеткен азамат табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы Талас ауданында фазендасына бара жатқан тұрғын көлігі қар құрсауында қалып, өзі адасып кеткен.
«Талас ауданы Көктал ауылынан 12 км қашықтықта орналасқан фазендасына 12 наурыз күні жеке автокөлігімен кеткен тұрғын байланысқа шықпай қалған. Оның көлігін 14 наурыз күні туыстары фазендеге 5 шақырым жетпейтін аумақтан, қар құрсауында қалған жерінен тауып алған. ТЖД күшімен іздеу жұмыстары жүргізіліп, азамат табылып, құтқарылды»,-делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. Құтқарылған тұрғын Көктал ауылындағы үйіне жеткізілген.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды