Ол төрт үміткердің ішінен үздік шықты
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтың SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі сыйлықтың Twitter парақшасына сілтеме жасап.
Ол төрт үміткердің ішінен қара үзіп шыққан. Сыйлықты алған сәтінде ол ең алдымен ата-анасына, командасына, менеджеріне және осы сыйлыққа лайық деп тапқан Grammy қазыларына алғысын жеткізеді.