Қазақстанның оңтүстігінде ауа райына байланысты бірқатар жол жабылды
Жолдар ауа райының күрт нашарлауына байланысты жабылды
Еліміздің оңтүстігінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Түркістан облысында бірнеше бағыт бойынша жол-көлік қозғалысы тоқтатылған.
Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, қатты жел мен жолдарда боран соғуына байланысты кешеден бері Созақ ауданындағы облыстық КХ-56 жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылған. «Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған» жолының 39-76 шақырымы аралығы және Кентау қаласында облыстық КХ-56 «Жамбыл-Құмкент-Шолакқорған» жолының 76-124 шақырымы аралығы жабылды.
Сондай-ақ, сағат 18:00-де Созақ ауданындағы облыстық КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» автожолының 603-643 шақырымы аралығында, сағат 19:00-де облыстық КХ-190 «Кентау-Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл» автожолының 36-90 шақырымы аралығында, сағат 22:25-ден бастап республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» тас жолының 2 095 - 2 057 шақырымы аралығында (Түркістан қаласынан Қызылорда облысынан дейін) барлық көлік түрінің жүруі тоқтатылды.