ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

ШҚО-да қар құрсауында қалған жүзден астам адам құтқарылды

Оның ішінде 9 бала бар

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 113 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала жасалған дауылды ескертуге қарамастан өңір тұрғындары алыс жолға шығуда. «Алтай-Чапаево» тасжолының 0-37 шақырымдағы жол учаскесінде 45 автокөлік қарға батып қалған. Құтқарушылар шұғыл көмекке аттанып, 113 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарды. Көліктер арнайы техниканың көмегімен қардан шығарылды. Апаттық-құтқару жұмыстарына департаменттің 46 қызметкері мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылған.

«Осы ретте, өңір тұрғындарына дауылды ескерту жасалған кезде алыс сапарға шықпау қажеттігін ескертеміз. Жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отырған абзал. Егер жолда қиын жағдайға тап болсаңыз, дереу «112» нөміріне хабарласу қажет», - делінген мәліметте.

Тегтер: