ШҚО-да карантин талабын сақтамағандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста күн сайын рейдтер жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын сақтамағандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар шектеу шараларының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейдтер жүргізуде. 12 наурызда Өскеменде 227 объекті тексерілді. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзудың 12 фактісі тіркелген. Дүкен сатушыларына келушілерге маскасыз қызмет көрсеткені үшін 831 345 теңге айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Семейде жүргізілген рейдтер барысында 332 нысан қамтылған. Тексерулер кезінде 17 бұзушылық тіркелді. Оның ішінде сауда үйлерінде, базарларда маска тақпағандар және бұқаралық іс-шара ұйымдастырғандар болды. 175 020 теңге сомасына 4 хаттама толтырылып, 218 775 теңге көлемінде 5 айыппұл өндірілді.