ПТР-анықтамасыз келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
273 адам ПТР-анықтамасыз келді
2021 жылғы 14 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Италия, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
3 599 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 326 адам, анықтамасыз 273 ҚР азаматтары келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
«2021 жылдың 11 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 631 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде екі жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Москва – Нұр-Сұлтанрейсімен, тағы бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген», - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.