Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңабаев француз боксшысын жеңді
Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күнінде - жарыстың ширек финалында қазақстандық Ермахан Жақпеков Андрей Мерсляковтан (Германия) жеңілді.
Ал 63 келіде шаршы алаңға шыққан Ертуған Зейнулинов Ассан Хансенді (Германия) жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалға шыққан тағы екі қазақстандық боксшы анықталды, 57 келідегі Оразбек Асылқұлов Ани Хаксхиллариді (Германия), құрама капитаны Қамшыбек Қоңабаев (+91 кг) француз Мойнзде Абдоудоуды ұтты.