$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2021, 17:40
Жаңалықтар

Коронавирустан қайтыс болған қазақстандық олигархтың ұлы ERG Менеджерлер кеңесі құрамына енді

ERG-дің негізін қалаушылардың бірі – Алиджан Ибрагимовтің орнын ұлы басты

Коронавирустан қайтыс болған қазақстандық олигархтың ұлы ERG Менеджерлер кеңесі құрамына енді
Шухрат Ибрагимов, фото: erg.kz

Eurasian Resources Group Шухрат Ибрагимовтің Менеджерлер кеңесі құрамына енді: шешім 3 наурызда күшіне енген. Шухрат Ибрагимов сонымен қатар Менеджерлер кеңесі жанындағы аудит жөніндегі комитет, сыйақылар жөніндегі комитет пен бірігу мен жұтылу жөніндегі комиттердің құрамына кірді.

Осылайша, ағымдағы жылдың ақпан айында қайтыс болған ERG-дің негізін қалаушылардың бірі – Алиджан Ибрагимовтың Менеджерлер кеңесіндегі орнын ұлы Шухрат Ибрагимов басып отыр.

Менеджерлер кеңесіне тағайындалғанға дейін Шухрат Алиджанұлы алты жыл бойы ERG-дің бизнесті дамыту жөніндегі департаментіне жетекшілік еткен. Ол бүгінде кобальт өндірісінің көлемі бойынша әлемде екінші, ал мыс өндіру көлемі бойынша ең ірі өндірушілер қатарына енген Metalkol RTR, ERG-дің Бразилиядағы кіріктірлген темір кені мен логистикалық BAMIN жобасы сынды бірқатар ауқымды халықаралық бастамаларды әзірлеп, іске қосуға сүбелі үлес қосқан.

ERG Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич: «Біз Менеджерлер кеңесі құрамына Шухрат Ибрагимовтың келгеніне қуаныштымыз. Шухрат тау-кен өнеркәсібі саласында тәжірибесі толысқан, біздің негізгі бірқатар бастамаларымызды дамыту ісінде шыңдалып, ERG бизнесін терең білетін маман. Осының арқасында ол келешекте Топтың өсуін қамтамасыз ету ісіне сүбелі үлес қосарына сенімдімін», - деп атап айтты.

Өз кезегінде Шухрат Ибрагимов мырза: «Мен бірнеше жыл ERG-дегі жетекші лауазымдарда қызмет еттім. Сонда жинақтаған тәжірибе мен әкемнің өнегесіне арқа сүйеп, Топ пен оның стейкхолдерлерінің кең ауқымына барынша пайдалы болармын деген үміттемін», - деп түйді.

Серіктес жаңалықтары