Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді
Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу шараларын күшейту туралы №9 жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шаһардың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойған жаңа қаулыда топтық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.
Сондай-ақ «Наурыз» және басқа да мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;
Қызметі рұқсат етілмеген объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары;
Қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және авто - вокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық - түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;
Оффлайн режимде жиналыстар (кеңестер) өткізуге тыйым салынады;
Коронавирустық инфекцияның жеңіл немесе орташа және симптомсыз түрімен ауыратын науқастардың үй карантинін сақтау мүмкіндіктері болмаса ауруханаға жатқызылады.
Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.