Күдіктілердің бірі - «Қазақалтын» компаниясының қаржы бөлімінде жұмыс істейтін 37 жастағы әйел
Ақмолалық полицейлер «Қазақалтын» компаниясынан 1,5 млрд теңге ұрлаған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
Биыл 23 ақпанда «Қазақалтын» компаниясының өкілдері кәсіпорынның шотынан 1 млрд 533 млн теңгенің ұрланғаны жөнінде полицияға шағымданған.
«Аталған қылмысты ашу үшін криминалдық полиция және тергеу бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі..
Іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу нәтижелері бойынша тәртіп сақшылары 26 ақпан күні Нұр-сұлтан қаласында екі күдіктіні ұстады. Тергеу амалдары аяқталғанға дейін сот оларды қамауға алу туралы шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, 5 наурызда «Қазақалтын» компаниясына тиесілі ірі көлемде алтын ұрланғаны хабарланды.